Сəукеле – сəулешімнің салтанаты

Бұл бетте «Сəукеле – сəулешімнің салтанаты» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 821
Сəукеле – сəулешімнің салтанаты.
Салтанат – сағындырған қалқам аты.
Мақпалдай майдақоңыр мінезі бар,
Жарасқан жамалына мархабаты.
Бағамын сол қалқаның қас-қабағын,
Аңсаймын, алыс кетсе, хош-хабарын.
Дүние зеренінен нұр ұрттаймын,
Төңкеріп тастағанда тостағанын.
Төңкеріп қарағанда қара көзін,
Сеземін жəудірінен жан əуезін,
Есіңе түсіреді еркелігі
Адамның бейкүнə, пəк бала кезін.
Нəр татып қылығынан, тұнығынан,
Тарқатып тоқсан сырды бұрымынан,
Отырсаң оңашада ойнап-күліп,
Түсірмей тоты құсты тұғырынан.
Көзінен сүйіп тұрып жұма қалған,
Отырсаң кезін бағып тына қалған, –
Шуаққа шомылдырып жан-тəніңді,
Жұмаққа айналмай ма мына жалған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сəукеле – сəулешімнің салтанаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері