Ән – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ән» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 993
Көрпесінде көсіліп
Тыншығанда түз дала,
Домбыраға қосылып
Əн шырқады Қыз бала.
Асау, албырт, аса өңді
Неткен мынау ғажап əн?!
Əннен алған əсерді
Жырмен қалай жаза алам?
Тағдырыммен жалғасып
Тамылжиды таныс əн.
Арманыммен арбасып,
Қиялыммен жарысам.
Албырт сезім бұлқынып
Алдым екен нені еске?
Көкжиекке ынтығып,
Көз саламын белеске.
Сиқыр саз бен тəтті ағын
Тамыр бойлап аққандай.
Желкілдеген шақтарым
Жез қоңырау таққандай!
Əуен сыртта, мен іште,
Құдайым-ау, түс пе, өң бе?
Көк қанатты Періште
Көктен бері түскен бе?!
Жалап жанның жарасын
Жел жеткендей бола ма?
Ақ бесікті анашым
Тербеткендей бола ма?..
Табысқандай жер мен көк –
Жұлдыз жылап, Ай тыңдап.
Жан осылай тербелмек!
Əн осылай айтылмақ!
Жас сұлудың жанары
Жанды ерітіп жүрмей ме? –
Жақын тартып барады
Жаутаң қағып бір бейне...
Қазақшалап, хатқа түсірген – Исраил.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері