Жүрегім бірде күлер, бірде жылар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жүрегім бірде күлер, бірде жылар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1051
Жүрегім бірде күлер, бірде жылар...
Ол, шіркін, кімге ғашық, кімге құмар?
Аужайын көңіліңнің айтпағанмен,
Хал-жайын махаббаттың білген ұғар.
Жарақат алған шақта жай күшінен
Шарапат таптым, айтшы, қай кісіден?
Мен де бір махаббаттың Мəжнүнімін
Көз жазып қалған түзде Лəйлісінен.
Айтатын оңашада əнді баппен
Көз жазып Лəйлі қыздан қалдым, əттең...
Соңынан əлде қуып жетер ме екем,
Жолды алсам алты айшылық арғымақпен?
Арғымақ алты айшылық жолды ала ма?
Сапарым сардалада оң бола ма?..
Қатерге басым тігіп, бақ сынайын –
Жетер ме созған қолым сол балаға?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері