Сен өрімдейсің – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен өрімдейсің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 881
Сен өрімдейсің,
Көктемнің жаңа шыққан көгіндейсің.
Көңілім көксегенмен,
амалым не,
Көзіме күнде менің көрінбейсің.
Сен – тəтті армансың,
Бір отты жүрегіме жаққан жансың.
Қолыма талай рет қонайын деп,
Жалт беріп көз ұшынан жоқ болғансың.
Сен еліктейсің,
Жеңіңнен жел тартса да желікпейсің,
Жалғанда жанға айтпаған жан сырымды
Жаным-ау,
жанарымнан неге ұқпайсың?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері