Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің...
Бірмезгіл көңілге аза шектірерсің.
Өлеңіне өлмейтін өмір тілеп
Жер бетінен бір ақын өтті дерсің.
Өтті дерсің бір ақын жарық күннен,
Күлер болса өзегін жарып күлген.
Талайлардың тұңғиық тағдырына
Абайлардың арманын алып кірген.
Болмағанмен Ұлы Абай, ірі Қасым,
Ақындар бар бірінен бірі басым.
Соның бірі өмірден өтті дерсің
Музасы мен қалдырып мұңын асыл.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі