Тəтті күннің тауысып талай дəмін –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Тəтті күннің тауысып талай дəмін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тəтті күннің тауысып талай дəмін,
Өтті білем басымнан бал айларым? –
Ерте күздің нұрымен енді, міне,
Еріте алмай отырмын самай қарын.
Шаштағы қар, мазалап бастағы мұң,
Қарлығуға айналды асқақ үнім.
Қалай ғана өткізіп алдым екен
Қайталанбас күндердің қас қағымын?
Қайран күндер қайда енді қастерлеген?
Қырау мынау самайдан басқа өрлеген.
Жастығымды қас жауым жарым түнде
Жаулап алып кеткендей лəшкерменен...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі