Қырмызы гүл жайлады құба белді –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Қырмызы гүл жайлады құба белді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырмызы гүл жайлады құба белді.
Құрғыр қыздар құлпырып шығады енді!
Есіңді алған қылығы еркелердей
Сылқ-сылқ күліп шалғынға бұлақ енді.
Буын босап барады, буын босап,
Күн нұрына болмайды-ау жуынбасақ.
Көктемеде үй бағу кімге ылайық? –
Көктөбеге шығайық ырым жасап.
Көктөбенің аржағы – алмалы бақ,
Асықпа тым, абайла, қалма құлап.
Гүлден-гүлге ұмтылған мен бейбаққа
Бірден-бірге барасың, қарғам, ұнап.
Алма бақ па мына маң, гүл жұмақ па?!
Бəз қалпынан барқыт бел бұлжымапты, ə?
«Кетіп қаппыз, аға, – деп, – тым жыраққа»...
Қабағыңды, қарағым, тұнжыратпа.
Мына бақтың ғажабы-ай!
Келіскені-ай!
Ішіне еніп термейміз жеміс қалай?
Анамыз ақ жаулықты – Алатау да,
Көктөбе – «Тақиялы періште» ғой!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі