Көктем – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көктем» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 875
Кірпікке бұлт қонғандай кілкіп келіп..,
Балауса бақ қалыпты бүртіктеніп.
Шайдай ашып жіберер көңіліңді
Шыны-аспанды мақта-бұлт сүртіп беріп!
Қайтқан құстың байқалып бір дерегі,
Арып-талып алыстан үн келеді...
Көгенінен ағытқан қозыдайын
Моп-момақан тіршілік нұрды емеді.
Жазық белдің жазылып кірбең өңі,
Тау етегін бау-бақша бүрмеледі.
Белін шешкен бесіктен бал бөбектей
Былдырлайды бұлақ та бірдеңені...
Көктесіннің жалауын жалбыратып,
Шөптесіннің көзінде жанды жақұт!
...Өзегінен бал тамған бір Тіршілік
Өнебойды барады балбыратып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері