Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау?
Қанаттары да талмайды-ау,
Қапыда келіп килікті
Қарақтарыма қандай жау?..
Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау?
Қанаттары да талмайды-ау.
Көк моншақ көзден үзілген
Көгілдір көлге тамбайды-ау...
Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау?
Қанаттары да талмайды-ау.
Аспан мен жердің арасын
Музамен мұңды жалғайды-ау...
Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау?
Қанаттары да талмайды-ау.
Баратын жері шалғайлау..,
Құстарға, бəлкім, сол қайғы-ау?.
...Легін-ай!
Шіркін, шебін-ай!..
Үзік те созық шерін-ай...
Есіңе түсер еріксіз
«Елім-ай» əні,
«Елім-ай»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыңси ма, əлде, сарнай ма-ау? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері