Көкше дәптерінен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көкше дәптерінен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Келімсек келген-кеткен қоныстанып,
Бейіштің қасиетті төрі ысталып..,
Көксеуі бабалардың көзден ұшып,
Көкше елі, кетіпсің ғой орыстанып?
Заманда қас-қабағы қатал мына
Кім білсін, Ібілістен бата алды ма:
Сайрайды жат тілінде жағы тынбай
Сарыуыз балапан да, сақалды да.
«Емес, – деп, – сайрағанның бəрі бұлбұл»
Ішімнен əрі жылап, əрі күлдім.
Зар мен зəр жайлап бара жатса қайтем
Талшығын алпыс екі тамырымның?
...Бұл жерге бұрын келгем – ұрын келгем,
Сұлудың сілеусін көз сұрын көргем.
Кəуірдің «дəуіріне» дауа таппай,
Жүрегім талай мəрте тілімделген.
Мен оны бүгін емес, бұрын көргем,
Несіне жасырайын сырымды елден:
Екі етпей «кеселім» мен меселімді,
Балым қыз балқаймақтай тілін берген.
Балым қыз қона бермес қолға дəйім,
Опалы оғыланға ол да – қайың.
Қол бұлғап қош айтқанда Қорлығайын,
Қалайша қайдағыға қор болайын?!
Ал бүгін...
Ал бүгін бе?
Ал бүгін бе?
Айтарсың арманда сол əнді кімге?
Басымнан бақиға ұшқан бақ сияқты
Балым да,
Бал айым да,
Бал күнім де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкше дәптерінен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көкше дәптерінен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкше дәптерінен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкше дәптерінен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері