Ашыса ішім іріп айрандайын – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ашыса ішім іріп айрандайын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Ашыса ішім іріп айрандайын,
Қалайша қамсыз-мұңсыз сайрандайын?!
Қалың ну қарағайдың қалқасынан
Қарайды қамкөңілмен, қайран, Қайың.
Қайың-қыз, сен жалғыз да, мен жекемін,
Жел өті, жер шетінде ел-мекенім.
Қош айтқан көгілдірі көңілімді
Көзіңнен аққан жаспен емдетемін.
Көз жасың – кермек емес, шырын сөлің
Ежелден ем екенін білуші едім...
Анадан егіз туған періштедей
Айнамнан айнымайды-ау түрің сенің!
Сол Айнам...
Қылығы ерке, сыры қанық
Əкеткен жүрегімді жұлып алып.
Өзімді жылатам да жұбатамын,
Кеудемде қос жүректің жүгі қалып...
Сол Айнам...
Кірпігіне жас тұндырып,
Дертімді кете барған асқындырып.
Жоқтаймын жүрегімді...
Көктем сайын
Көкеділ көкірегімде тасқын жүріп!..
Жүрек жоқ...
Қуыс кеуде,
Құр сүлдерім.
Құлазып, кімге керек күрсінгенім.
Бар болса жер бетінде сол бір мұңлық,
Жетектеп жетімімді жүрсін менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашыса ішім іріп айрандайын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ашыса ішім іріп айрандайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашыса ішім іріп айрандайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашыса ішім іріп айрандайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері