Жылаған жүрек жұбанар
Бұл бетте «Жылаған жүрек жұбанар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылаған жүрек жұбанар,
Қуарған көңіл қуанар.
Жылы орнын қайтып қия алар
Жығылған жанға жыра, жар?
Құбылған мынау қу дүние
Кімдердің құлқын құп алар?
Құлқынға құрдым кетпесе,
Қалаған тұстан су ағар.
Кімдерде қандай кінə бар,
Кімдерде қандай күнə бар? –
Күндердің күні болғанда
Үлкен де кіші сыналар.
Бергенің менен алғаның,
Келгенің менен барғаның...
Бəрі де бəрі сұралар.
Ұрығы өскен далаға,
Ұрпағы ілескен балаға
Атадан қалған аманат,
Бабадан қалған мұра бар...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі