Түнде жазылған өлең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түнде жазылған өлең» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Көнілім алай-дүлей, ала-құла,
Ит құмар болып алды балағыма.
Қадалып ақ қағазға отырғанда
Қан ұйып қалмас па екен қаламыма?..
Күндердің бірі ақпан да, бірі шілде,
Төрт мезгіл төбелесіп жүр ішімде.
Алаңсыз бала кездер, қара көздер
Есіме түседі ылғи түн ішінде.
Сұрама басқа жайды күндіз менен,
Күн барда көріне ме жұлдыз деген?..
Жасай бер, жарық дүние,
ақындарын
Жылатқан,
Жұбатпаған,
Күлгізбеген!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері