Мінәжат – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мінәжат» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 664
Сарқылмағай мейірімің,
Айналайын, Алла.
Бізге деген бейіліңнің
Шегі, шеті барма?..
Жететіндей несібе бер
Ақыреттік жолға.
Күнəм болса, кешіре гөр,
Кешіре гөр, Алла.
Тəңірім деп табынайын,
Талабымды оңда.
Жарылқа деп жалынайын,
Құран ұстап қолға.
Жаза бассам құрығыңды
Мойыныма салма.
Жарық жалған – ғұмырымды
Жақсылыққа жалға.
Сақта дəйім бəлекеттен,
Тыныштық бер жанға.
Адамға тəн əрекетпен
Асығайын алға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінәжат өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мінәжат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінәжат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінәжат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері