Кейде менің кеудемде жын ойнайды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кейде менің кеудемде жын ойнайды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 755
Кейде менің кеудемде жын ойнайды,
Мені момын, жуас деп кім ойлайды?
Қарынбайдың қалтасын қағып-сілкіп,
Шыбыртқылап аламын Шығайбайды!
Кейде менің кеудемді жел кереді,
Жел кергенде жетім де ер келеді:
Қаратауды байлап ап қанжығаға,
Алатауды алдына өңгереді!
Кейде менің кеудемде сел жүреді,
Сел жүргені көзге үрей ендіреді:
Жұмақ жұртын жұқ көрмей жұмырына,
Тозақ отын топан су сөндіреді!
Кейде менің кеудемде мұң түнейді,
Қу тірлікті құлқынның құрты жейді.
Жағадан ап жарымес дүниені
Құрбан болған күндерім құн тілейді!
Кейде менің кеудемде...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері