Уақыт өтеді – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Уақыт өтеді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1452
Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Аққу ұшады,
Айдын қалады.
Бұлт көшеді,
Тауым қалады.
Күнім батады,
Таңым қалады.
Жаным ұшады,
Тəнім қалады.
Түтін ұшады,
Қазан қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мəңгі тіршілік
Мазамды алады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыт өтеді өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Уақыт өтеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақыт өтеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыт өтеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері