Əттең-ай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Əттең-ай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Əттең-ай,
Өкінішті,
Өкінішті-ақ,
Қалғаным Шексіздіктің шетін ұстап.
Желкемнен жекіреді жендеттейін
Аптаның жеті күні – жеті қыспақ.
Жеті күн өте шықты желден жүйрік,
Бұл өзі қай тараптан келген бұйрық?
Жайдақы жабы мінген Жаманбайдай
Жалқаулық жатып алды-ау кеудемді үй ғып.
Күз дедім – жер де, көк те алабажақ,
Қыс дедім – сары аязы санаға жат.
Көк тасы Самарқанның ерісе де,
Сен неге селт етпейсің, қара қазақ?
Жеті күн өте шықты тағы, тағы...
Өмірім өтіп жатыр əбі-тəбі.
Жеті атам жеті жақтан жетіп келіп,
Əкемді, əй, бір күні танытады!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Əттең-ай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Əттең-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Əттең-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Əттең-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері