Бұзбақ па кеуде – құлпымды
Бұл бетте «Бұзбақ па кеуде – құлпымды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұзбақ па кеуде – құлпымды,
Жүрегім неге бұлқынды?
Атымыз адам болғанмен,
Аяп та жатыр кім-кімді?..
Жүрегім – менің бунтарым,
Білмей де жүр ме жұрт əлін?
Несібең сенің қайда деп
Несіне ауыз жыртамын?!
Өртіңді өшір, бас, қалқам,
Жайыңды қайтсін жас, қартаң...
Онсыз да өмір сергелдең,
Онсыз да көңіл тас-талқан!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі