Күле қарап заман тұр миығынан
Бұл бетте «Күле қарап заман тұр миығынан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күле қарап заман тұр миығынан.
Елес көрдім ертеңнің қиырынан...
Ұршықтайын үйірген иірімнің
Шыға алатын емеспін ұйығынан.
Салып алып салбауыр түнді иыққа
Тірі болсақ, ілгері жылжиық та.
...Түсіп бара жатырмын шыңырауға,
Батып бара жатырмын тұңғиыққа.
Зар қақсаған не қайыр тіл-жағымнан,
Жұмағымды кім жұтты гүл жамылған?
Кім құтқарар ажалдың құрығынан?
Кім босатар заманның зынданынан?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі