Табылар ма тағдырдан тілегенім? –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Табылар ма тағдырдан тілегенім?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табылар ма тағдырдан тілегенім?
Тəңірім-ау, кім жазар жүрек емін?
Қармап жүріп қайғыны құшамын да,
Таңдап жүріп тақырға гүл егемін.
Осы ма еді ендігі жетпегені? –
Шер жетелеп барады шетке мені.
Күздің күйкі күйіне күмп беремін,
Күтіп жүріп жыл бойы көктемені.
...Таудан түсіп келеді тұман бері.
Көңіл шіркін онсыз да күмəнді еді.
Елес қуып кетейін ел жағалап..,
Қу дүние, қуыстан шығар мені!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі