Мен бір оңып тұрғандай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен бір оңып тұрғандай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Көктің көзі нұрланбай,
Суық қарап сұрланды Ай.
Мелшиеді дүние,
Мен бір оңып тұрғандай.
Кім түсінер мəн-жайды?
Кім алдымды болжайды?
Қарекетім қамығып,
Берекетім қол жайды.
Жазылмастан жан қайғы,
Санамда ой сарғайды.
Тəнім жасыл жамылып,
Жаным бүршік жармайды.
Жұрттан таппай жұратын,
Мұңға теліп мұратын –
Тоғыз жолдың тұсында
Томсырайып тұр Ақын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері