Сардар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сардар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 868
Сырбай Мəуленовке

Ажал – аяз,
Тəн емес, жан қарыған,
Қарсы амал қапелімде бар ма бұған?
Қазақ деген ежелден ақын ел ғой,
Айрылып қалдың, қазақ, Сардарыңнан!..
Айрылдың Сардарыңнан – ардағыңнан,
Жүргенде жан бағумен, қарманумен.
Ананың құрсағындай қайдан болсын
«Кеңсайдың» арғы беті қар жамылған...
Сұңқылдап суық күнде жардан байғыз,
Сүйеніп көк сүңгіге қалғандаймыз.
Алдымен оққа ілігер, адым басса,
Біз неткен, ей, ақындар, сормаңдаймыз?!
...Қош, аға,
Қош, Сыраға,
Сардар аға...
Көзімнен сен де, сорам, сорғалама.
Біреуі ем соңыңа ерген сарбазыңның,
Сала бер салмағыңды Сары балаңа...
16.02.1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сардар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сардар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сардар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сардар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері