Бұл бетте «Алыптарды аңсау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...Кеудемде менің бір шам бар
Мың өшіп, күнде мың жанған.
Жанымда менің жүр шалдар
Құлқына ары құлданған.
Мақтауға кімді лайықтап,
Даттауға кімді шамам бар?! –
Алыптар көзден ғайып боп,
Ақылға қалса сараңдар.
Жұлдызды көктің заңғары
Жұртым-ау, қалай жұтаңдар?
Сары алтын сөздің сардары –
Қайдасың, қайран, Мұқаңдар?!
Балтəтті тұмам тартылып,
Басымнан бақыт ауғасын,
Бабамның салты сарқылып,
Саудаға түсті-ау сау басым.
Көңілімді қайтем шүкіршіл,
Көк түтін жұтса қос өкпем?
Құлагер қайдан құтылсын
Батыраш – бақай есептен?!
...Жалғанда мынау мінəйім
Мен күткен жарық осы ма?
Құдіреті күшті Құдайым,
Нысап бер кəрі-жасыңа...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі