Өмір емес, өмірім – өлермендік – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмір емес, өмірім – өлермендік» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 926
Өмір емес, өмірім – өлермендік,
Талай күнді тепкілеп терең көмдік...
Ештеңе жоқ алдымда алаңдарлық,
Ештеңе жоқ артымда елеңдерлік.
Өмір емес, өмірім – өлермендіқ,
Көп алдында жайым жоқ көлеңдерлік.
Көретұғын көз болса, өлмейтұғын
Бірлі-жарым біз де елге өлең бердік.
Отқа, суға салғалы шыбын жанды
Қайталаудан аспадым бұрынғы əнді.
Көз аяңа ала жүр, айналайын,
Өзім кетіп, соңымда жырым қалды.
Түзге беттеп барамын, үйге кірмей,
Өмір қалды өгіздің бүйрегіндей.
«Өлеңі де, өзі де жақсы еді» деп
Мен өлген соң шуларсың шибөрідей...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері