Сарыала күз салқындады
Бұл бетте «Сарыала күз салқындады» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Сарыала күз салқындады,
Сағындырған қалпың кəні?
Жалған жақұт сияқтанып
Жерде жамбы жалтылдады.
Жамбы жерде, жамбы көкте.
Тəн түршікті таңғы лепке.
Жалғыз үміт ем болар ма
Жабырқаған жан-жүрекке?..
Түсіп кетті-ау араға айлар,
Жан қинайды жаман ойлар...
Қасіретіме қайың сыңсып,
Теңселеді қарағайлар.
Сен екенсің өмір теңім,
Мекендеші көңіл төрін.
Көлге қарап жабырқадым,
Шөлге қарап шөліркедім.
Сарыала күз салқындады,
Сағындырған салтың кəні?
Осы ма, əлде, сары алтындай
Сабыр түбі сарқылғаны?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі