Ешкімді – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ешкімді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 783
Ешкімді,
Керек етпен ештеңені.
Көңілім – көне қобыз, көшкен өңі.
Бұт қысып бұралқы иттей қыңсылаған
Жалғанның жалықтырды ескі əуені.
Ешкімді,
Керек етпен ештеңені.
Өмірім өзімшілге өш келеді:
Ертпесең ертпей-ақ қой көшке мені!
Алмасаң алмай-ақ қой еске мені!
Жетімдей ертелі-кеш еңіреген
Жек көріп кетсем кешір, сені де, Өлең.
Қазымыр қарашаға жұртын тастап
Қаз-тырна қайтып жатыр легіменен.
Қаз-тырна қайтып жатыр лек-легімен,
Қаймығып қара күздің өкпегінен.
Өзеуреп, өле жаздап тұрмаған соң
Өзім де кейбіреуге жек көрінем.
...Ешкімді,
Ештеңені керек етпен!
Енші алғам керегімше кереметтен...
Көңілді елеңдетер ештеңе жоқ,
Бəрі де маған келіп, менен өткен.
...Ешкімді,
Ештеңені керек етпен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ешкімді өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ешкімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ешкімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ешкімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері