Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Көрсем екен тезірек Көктем басын

Бұл бетте «Көрсем екен тезірек Көктем басын» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Көрсем екен тезірек Көктем басын,
Көзіме оттай басылып бөктер жасыл.
Оңды-солды бишігін сілтеп қалып,
Көкорайға түссе екен көктен жасын.
Құласа екен құлқымен егінге Күн,
Жыласа екен дүние ебіл-дебіл.
Көрінсе екен мұнартып көгім менің,
Емінсе екен құмартып ерінге ерін...
Қыс қылышын сүңгітіп қынабына,
Тіл бітсе екен қайтадан бұлағыма.
Құба таңнан ұйқымды шайдай ашып
Құстың əні келсе екен құлағыма.
Көкжиектен керуен көшіп бері,
Ашылса екен əлемнің есік, төрі.
Кенейсе екен пейілі тіршіліқтің,
Көбейсе екен балақан бесіктегі.
Ауруы бар адамдай ұстамалы
Амал қанша, əрқалай қыс қабағы.
Көңірсіген қаланың ауасына
Көкірегім қашанғы ысталады?
Алқындыдан арылып аула мына,
Қашан жетем самалдың саумалына?
Қарғалардың заманы қараң қалып,
Қашан қонар бұлбұлым бау-бағына?.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрсем екен тезірек Көктем басын өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көрсем екен тезірек Көктем басын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрсем екен тезірек Көктем басын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көрсем екен тезірек Көктем басын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері