Ғизатуллаға – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Ғизатуллаға» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1788
Құшақтап гармоныңды, Ғизатулла,
Қалайша қалып қойдың жалғыз жолда.
Вологда қаласында адасыпсың,
Ауылға іздемесе, қайтсаңшы онда!..
Әлде сен кетесің бе бізбен бірге,
Бауырсың, емессің сен, бізге кірме,
Бәрібір барар жерің—майдан шегі,
Бір жұмыс—екі қолға, қашсаң—түрме.
Сен бізді жатырқама, гармонды ойна,
Башқұрттың әсем өнін түсірші ойға.
Ел едік Еділ, Жайық тел жайлаған,
Әніміз, жырымыз бір, оны да ойла.
Бүгінде бір айдауда жүрміз жосып,
Адасып қайтқан қаздай елден босып.
Барар жер мәлім емес алдағы өмір,
Кім білсін қандай азап отыр тосып.
Тек сенің, бізден — тымақ, бөркің басқа,
Оған да жол табамыз, әзір саспа,
Үстінде ұзын жолдың бізді таптың,
Қолды бер, Ғизатулла, айырылмасқа.

Вологда, 1916


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғизатуллаға өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Ғизатуллаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғизатуллаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғизатуллаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері