Таң көзінен тамды мұң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Таң көзінен тамды мұң» атты Исраил Сапарбай жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Таң көзінен тамды мұң,
Күнді күтіп қалды ма?..
Жау, жарықтық жаңбырым,
Ұқсап алтын жамбыға.
Жақсы болды-ау жауғаның –
Жастығымды ойға алдым...
Дала да – мұң, тау да – мұң,
Мен де мұңға айналдым.
Тіршіліктен түңілмей
Жабылмасын түндігім.
Табиғаттың күніндей
Көңіл, сен де мың құбыл.
Тағдырыма не дермін? –
Жарық күн жоқ жайнаған.
Аспаннан бұлт, менен мұң
Ауғанынша қай заман?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері