Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді,
Қызығып енді кімдер сүзіледі?
Үзілген жаңа əлгінде алмадайын
Қызылмен əрлі екен-ау қыз реңі!
Ұрыны түн жамылып баққа кірген
Із кесіп іздегенмен таппадым мен.
Қызығың қыз күніндей қайдан болсын,
Бетіңе опа-далап жаққаныңмен.
Жүзіңе ұялғанда қан тебетін,
Нəпсінің ауыздықтап нəн төбетін.
Ақындар марапаттап махаббатты,
Ғашықтар əуелетіп əн төгетін.
Жүзіңнен қызарғанда, қан таматын,
Сездіріп сезімсарай салтанатын.
Қауышып қалатұғын кірпіктерің
Тауысып талайлардың жан тағатын.
Ұрыға ұятыңды алдырғалы
Жаныңда жастық əні жаңғырмады.
Бөз болды ілездемде шырайлы өңің,
Өзгерді ерніңдегі балдың дəмі.
Бетіңе опа-далап жағынасың,
Жасанды сол құрғырды нағыласың?
...Қызғыштай қыз ұятын қорғаймын деп
Қу жүреқ, сонша неге жанығасың?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұятың – ақ бетіңнің қызылы еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері