Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 976
Қыз-қырқынның қып-қызыл ішіндемін,
Өңіндемін,
Біреудің түсіндемін...
Бұтағына Өмірдің қонып алып
Əр жүректе сайрайды құсым менің.
Сайрамайды –
Жылайды, мұң шағады,
Қыршынынан қиылса гүл сабағы.
Гүлді көрсе,
Гүл терген қызды көрсе,
Жұмыр жердің жүрегі жұмсарады.
Жібек қайда бүгінде, Баян қайда?
(Құшағымды, құдай-ау, жаям қайда?)
Қалғып кеткен жерінен оралмай ма?
Ұйықтап кеткен жерінен оянбай ма?
Қайта туып, дүние жаңарар ма?
Заман мынау жарай ма жамағанға...
Қыз Жібек пен аяулы Баянымды
Қыз-қырқынның ішінен таба алам ба?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері