Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн,
Əлсіз сəуле жанады əр тұрақтан.
Тəуба айтатын сыңайым байқалмайды
Таңға мынау –
Маңдайын жарқыратқан.
Түн көлгірді таң мөлдір жалғағанмен,
Алмағайып күн кешіп, жан бағам мен.
Уақыттың құлағы тыншымайды
Жалған айтыс,
Залалсыз заржақ əннен...
Селт етпеген сезімі таңғы Азанға
Бұл қалаға бəрібір даңғазаң да.
Қаңғып кеткен қиялды ой қайтарып,
Қалғып кеткен жүректі əн жазар ма?..
Таң түрткілеп ұятсыз түн етегін,
Тағы да бір аңғартты күн өтерін.
Бүгін барлық күнəні жасап алып,
Ертең тегін өсекті гулетемін.
Əлден кейін Күн батып, кеш келеді,
Түн емшегін түрткілеп ешкі емеді.
Tapс бүркеніп алам да тас көрпені
Көрмеген боп жатамын ештеңені,
Білмеген боп жатамын ештеңені...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі