Бұл бетте «Бесік» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.07.2021
0
0
953
Баршаға бұл фəнидің бəсі қымбат,
Бақыттың қойған қайғы басын улап.
Ойлауға уақыт көп оңашада,
Ойнауға уақыт жоқ жасырынбақ.
Өлген соң жұмақ болса баратының,
Қаңғырып қайда қалмақ қара түнің?
Тамұқта, ұмытпайық, Тайқазанның
Астына лаулатып от жағатынын.
Жұмағың жұмбақ болса, несі жұмақ?
Одан да жарық күннің есігін қақ.
Жанары сөнбеуі үшін бұл жаһанның
Барамын тозаққа да бесігімді ап!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі