Тағдырымның тəтті уын таттым мен де – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тағдырымның тəтті уын таттым мен де» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 726
Тағдырымның тəтті уын таттым мен де –
Таң алдында талаурап баттым көлге.
Бармағымды шайнаған күнім қанша,
Арманымды айта алмай ақ түндерге?..
Батқан көлдің тұншығып түбінде мен
Күндеріме қош айттым күлімдеген.
Айналамда қаптап жүр алтын балық
Қармағыма кешегі ілінбеген.
Көл түбіне баттым мен оралмасқа,
Енді маған өмір жоқ одан басқа.
Фəни көркі көңілден көшеді екен,
Көз алдымда «бар» менен «жоқ» алмасса.
Көштім мен де көп кеме шөккен көлге…
Мен көшті деп дүние шектелген бе?:
Сарала күз,
Сары аяз,
Сарша тамыз,
Бізден сəлем айтқайсың көктемдерге…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері