Көрген түсі жақсылыққа жорамал – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көрген түсі жақсылыққа жорамал» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 626
Көрген түсі жақсылыққа жорамал,
Таңнан тұрып оятатын жоқ анам…
Жалғыз аяқ қара жолға түсіп ап
Мен де бір күн көкке сіңіп жоғалам.
Періште емен,
Пендеңіз де емеспін –
Еміс-еміс еске түсер Елеспін.
Көктемеде қызыл-жасыл гүлдермен
Қырқасына өніп шығам белестің.
Мен анамның,
Анам менің аңсарым.
Арман, мұңы осы шығар баршаның.
Қайтқан құспен қайта келіп қалар деп,
Қарай-қарай көкжиекке шаршадым.
Болмашыға қуанған да жұбанған,
Баламын ғой ана алдында тым аңғал.
Қайтер едім,
Толған айдай толықсып
Түн ішінде шыға келсе тұманнан?!
«Анам, – дер ме ем, –
жаным, анам, жан анам,
Жай- күйіме Сіздей кім бар қараған?
Сізбен бірге бұл жалғаннан жоғалам,
Сізбен бірге бұл жалғанға оралам!..»
О, Жаратқан!
О, Құдірет!
О, Алла-ай!
Ақ жаулығын қалдым тағы көре алмай,
Анашымның ақ жүзіндей дөңгелеп
Ақ тұманға қайта сүңгіп жоғалды Ай.
Жүрегімді жөргегіндей ораған
Əлдеқайда қалқып ұшты орамал.
Жан-ділімде қалып қойды жалғыз үн:
«Айналайын, айбозымым, бол аман…»
…Көрген түсі жақсылыққа жорамал
Таңнан тұрып оятатын жоқ анам.
Жалғыз аяқ қара жолға түсіп ап
Мен де бір күн көкке сіңіп жоғалам…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрген түсі жақсылыққа жорамал өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көрген түсі жақсылыққа жорамал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрген түсі жақсылыққа жорамал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрген түсі жақсылыққа жорамал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері