Жасымнан кешкен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жасымнан кешкен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Жасымнан кешкен,
Басымнан көшкен, дəуренім,
Көгілдір кештен
Көкейді тескен сəуле едің.
Өттің де кеттің…
Өңінде көктің саң қалды.
Қайтейін мынау
Қадірсіз, құнсыз жалғанды?!
Жанары сүттей,
Жарығы жіптей Ай қайда?
Өңірді тұман,
Көңілді күмəн жайлай ма?..
Жаным дір етті,
Жарым түн өтті… Таң ұзақ.
Көгімде-сағым,
Лебімде-жалын, аңызақ.
Халімді хатқа,
Жайымды жатқа білдірмей,
Жазмышқа көніп,
Озмышқа сеніп жүрмін ғой.
Жасым ба аққан? –
Аспани жақтан сырғыды Ай.
Көгенде – көзім,
Медет бер өзің, бір Құдай…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасымнан кешкен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жасымнан кешкен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасымнан кешкен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасымнан кешкен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері