Міскін – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Міскін» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Сыртыңнан ептелесің,
Ішіңнен жек көресің.
Тесіктен сығалайсың,
Есікке кептелесің.
Сыналап жұрт арасын,
Сыбырлап мін тағасың.
Тұманмен тұмшаланып,
Бұлтпен қымтанасың.
Күдік пен күмəн ішің,
Бүлік пен ылаң ісің.
Сайтанның сапалағы,
Сайқалдың сыңарысың!
Сырықтың сынығысың,
Қулықтың құрығысың.
Жансыздың ұрпағысың,
Жантықтың ұрығысың!
Бетпе-бет келе алмайсың,
Келсең де жеңе алмайсың.
Өзгені былай қойып,
Өзіңді неге алдайсың?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері