Денем – шоқ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Денем – шоқ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 666
Денем – шоқ,
Дегбірім жоқ,
Дертім – Өлең.
Кезім көп көше кезіп тентіреген.
Антымен алдаспанның Ажал келсе,
Семсердің өмір сүрем сертіменен!
Өрт тамған өнбойына өзегінен
Ақындар келіп-кетер кезегімен…
Қамалды қабағыммен бұзып-жарып,
Жаманды жазалаймын сөз оғымен!
Кездейсоқ кез болғандар сөз оғына,
Аттанар ақыреттің тозағына.
Жан-ділін жаһаннамға жөнелтерде
Жаһил де көз салмайды жазалыға.
Айналып өлең – дертке,
Дерт – өлеңге,
Арманда шермендеше шер төгем де.
…Жалғанға жалғыз ауыз тіл қата алмай
Жатармын мен де бір күн Жертөлемде…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Денем – шоқ өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Денем – шоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Денем – шоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Денем – шоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері