Қайран, Шəмші!
Бұл бетте «Қайран, Шəмші!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аққуменен тілдескен,
Гəккуменен үндескен.
Пенделікті білместен
Періштедей күн кешкен –
Қайран, Шəмші.
Мұз жүректі жібіткен,
Тас жүректі үгіткен.
Шаңырақты əлдилеп,
Аруақты тірілткен –
Қайран, Шəмші.
Арқадағы Ақаннан
Айлап жүріп бата алған.
Ханнан да асып атағы,
«Əн патшасы» атанған –
Қайран, Шəмші!
Мынау жарық жалғанда
Арманда емес жан бар ма?!
Есі кетіп Естайдай
Ғашық болған «Қорланға»–
Қайран, Шəмші.
Жұмақ іздеп жырақтан
Жан-жүрегін жұбатқан.
Тұран қызын аялап,
Сыған қызын ұнатқан –
Қайран, Шəмші.
Езді таптап табанға,
Ерді мақтап əманда,
Желтоқсанда жастарды
Алып шыққан алаңға –
Қайран, Шəмші!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі