Ақын гүлі – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақын гүлі» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Қызарады қызды айтсам жүзің неге?
Қинай ма əлде қыпша бел, қызу дене?
Ақын гүлін, ағайын, аялай гөр,
Болмайды оны таптауға, үзуге де!
Ақын гүлі...
Бірі ару, бірі керім.
Түсіңде де түстейсің түрін, өңін...
Уылжыған дəмімен дəрменді алар
Үлбіреген, үздіккен шырын ерін.
Қылығына,
Көз тояр тұнығына
Бірі құла,
Бұл гүлдің бірі бұла.
Қозға айналып кетеді тұлабойың,
Қол тигізсең болғаны бұрымына!
Жасырған боп төсіне екі алманы
Бермен қарай қызық-ау бет алғаны.
Ермін деген жігіттің жəне қызық
Екі алмаға ұмсынып жете алмауы.
Көзақы алмай ғайыптан көрген ізге
Көктен емес, сен оны жерден ізде!
Ақын гүл шоқ-шоқ боп келе жатса
Көше айналып кетеді көрмеңізге!
Келсе болды көктемнен тілдей хабар,
Бүр ашқанын бір күнде білмей қалар.
Құшағында жігіттің қауыз ашып,
Құшағында жігіттің гүлдейді олар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын гүлі өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақын гүлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын гүлі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын гүлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері