Базарлық

Бұл бетте «Базарлық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 862
Кейбіреу санағанмен мұны ескілік,
Бүгін де қалмаған жәй құны ескіріп,
Дәстүрлі халқымыздың, әдет-ғұрпы
Беретін базарлық деп дәм үлестіріп.
Жолаушы жолдан келсе, сәлемдесу,
Түсіріп аттан, жолын тәмәмдесу,
Еркектер сапар жәйін әңгімелеп,
Жиылып абысындар қоржын шешу...
Бұл ғұрып бабалардан мирас қалған –
Алдына үлкендердің сыйлы ас барған
Қуантса қыз-келінді айна-тарақ,
Конфеттен бала болмас құр тасталған.
Кейбіреу санағанмен мұны ескілік,
Бүгін де қалмаған жәй құны ескіріп.
Дәстүрі халқымыздың барлағанға
Жатыр ғой жан жылуын үлестіріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Базарлық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Базарлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Базарлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Базарлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері