Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды

Бұл бетте «Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.11.2015
  • 0
  • 3
  • 13719
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!


Пікірлер (3)

BTS. offijctal

Өте керемет өлең бірақ жаттау қиые екен

Амина

Жылап отырмын ????

Рустем

Бұл өлең — Мұқағали Мақатаевтың (Қазақ әдебиетінің ұлы ақыны) терең философиялық толғанысы, адам сезімдері мен ішкі жан‑әлемінің күрделілігін көрсететін шынайы поэтикалық шығармасы.
Өлең жолдарында автор өзінің ­ақыл‑ойына кірген ашу сезімін, көңіліне түскен көңіл‑күйдің ластанғанын сөз етіп, адамгершілік пен адалдықтың арасындағы қарым‑қатынасты сипаттайды. Мұнда ақын дос пен жаманның, адал мен арамның ара жігін бөліп көрсетуге тырысқан.

Ақынның ойы терең, әрі оқырманға өз сезімдерін зерделеп, адамдық қасиеттер туралы ойлануға шақырады. Бұл — тек поэзия ғана емес, өмір туралы толғаныс, сапалы сөз бен мағыналы мазмұн. Осы туындыны оқып шыққаннан кейін адамдық қалпымыз бен шынайы достық туралы қайта ойланып, жүрегімізді саралау маңызды екенін түсіндім. ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері