Жыл басы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жыл басы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1023
Ақүрпек əлем,
Аққудай неткен əппақ ең?!
Дегбірсіз жүрек дерттенсе,
Кімнен таппақ ем?
Жалғыздан-жалғыз
қалдың-ау,
жаным, бөлмеңде,
Бармақты қыршып,
Жаныңды шымшып тəтті əуен?
Жалғыздан-жалғыз
қалдың-ау,
жаным, бөлмеңде,
Жаңа жыл кеші жапанды кезіп келгенде.
Шаншып бір кетті-ау мендегі жүрек шерменде,
Бөлмеңде шамың таң алды талып сөнгенде...
Үмітің сөнді,
Сенімің сөнді шамменен,
Сабырын сарқып,
Саябыр тартып жан денең.
Қала тұр қалғып,
Мен болсам қаңғып көшеде,
Қарайлай берем қалғандай үйде əлденем.
Қарайлай берем,
Қалғандай ұмыт əлденем...
Қалғып тұр қала,
Қалғып тұр терек талменен.
Жүрегің менен жаныңды жаулап жəйменен
Бұл өмір деген у қосып берер балменен...
Ақүрпек əлем,
Аққудай неткен əппақ ең?!
Дегбірсіз жүрек дерттенсе,
Кімнен таппақ ем?
Жалғыздан-жалғыз
қалдың-ау,
жаным, бөлмеңде,
Бармақты қыршып,
Жаныңды шымшып тəтті əуен,
Əттеген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл басы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жыл басы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыл басы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл басы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері