Домбыра – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Домбыра» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1089
Домбыра,
Жылатасың,
Жұбатасың...
Көңілді жардан, құздан құлатасың.
Жанымды жас баладай еркелетіп,
Əлдилеп, аялауды ұнатасың.
Даусыма қоңыр үнің дөп келеді,
Өзекті, сен болмасаң, дерт көмеді.
Көмейге көк қорғасын құйған күндер
Тыншытпай..,
Түн ұйқымды төрт бөледі...
Тағдырым тар кешуде не көрмеді?..
Тəңірім айырмағай сенен мені.
Əнімді əудем жерге əуелетсем,
Құлағың құр аттайын елеңдеді.
Ұқсастық бола қоймас, сірə, мұндай:
Егіздің біз екенбіз сыңарындай.
Қоймаспыз зарлауды да, сарнауды да,
Көзден мұң,
Көкіректен мұң арылмай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері