Анда-санда – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Анда-санда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1241
Анда-санда...
Есімнен танбасам да,
Татып қоям əзəзіл қу арақтан,
Алдымдағы ағалар дуалатқан...
Жаба тоқып жауырды неғылайын,
Күндік жерге жетеді күнəм артқан...
Басы айналған бəңгіден бəдəуидей
Батқан күннің соңынан қуады ақ таң.
Қырық құрау, жүз жамау жүрегіме
Жұп іздеймін Қырық бір құмалақтан.
Бұлың жалған бір күнге тұрмайды екен,
Бұлбұл безіп кеткелі бұл алаптан!
Мұз астында өксіген өзендейін
Өмірім-ай,
Өмірім, жылап аққан...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері