Түсінбей өтерсің сен мені – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түсінбей өтерсің сен мені» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Түсінбей өтерсің сен мені...
Адамның қайғысы –
Наданның менмені.
Ізгілік шетінер,
Шер буса кеудені.
Періште неғылсын
Жердегі
Пендені.
Түр-өңім перделі,
Жүрегім енді өлі.
Тірліктен түңілген
Тірілей көм мені!
...Кім іздеп, кім көрер
Көрдегі көмбені...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері