Бұл бетте «Ақыл» атты Сәбит Дөнентаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені жандай көрдім, ақыл,
Сонан соң іздей, сұрай бердім ақыр.
«Менде бар, менде бар» деп әр біреулер,
Жан біткен саған толық болып жатыр.
Бәрінде жалпақ жұрттың бірдеймісің,
Шыныңды айт, қайда жүрсің, өзің батыр?
Былайша ақыл маған берді жауап:
- Белгілі тұрағым жоқ бір жерде тап.
Кім жақсы тәрбие етсе мен соныкі.
Аз және көп болуым соған қарап ...
Не мұның тәрбиесі, не дейді ақыл?
Ол жерін, оқушылар, өздерің тап.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі