Махаббат деген мекеннің мəңгі шөлінде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Махаббат деген мекеннің мəңгі шөлінде» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Махаббат деген мекеннің мəңгі шөлінде
Бақиға көшем,
Зар илеп зəрді ішемін де.
Ақыннан өзге Ажалмен ойнаған кім бар
Зəнталақ мынау заманның алғы шебінде?!
Жеміссіз желең ағаштың неге ұзын бəрі?
Кешегі кескек ерлер-ау, негізің кəні?
Батыр мен Ақын ежелден ерке де серке –
Ақ сүті арда Ананың егіз ұлдары!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері