Бұл бетте «Жаһанды жаныңмен жырласаң» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
13.01.2022
0
0
848
Жаһанды жаныңмен жырласаң,
Басыңды сан нұрға бұрмасаң,
Көлкіген көл болып кетпесең,
Теңіз боп тербеліп тұрмасаң,
Бақытты таптым деп ойлама,
Арғымақ тақымда туламай,
Шұбалтып ақпаса қырда шаң.
Жасыл көл шайқалып жас жанда,
Жұлдыздар жанғанда аспанда.
Төбеге тебініп жеткенде,
Қырларың құлдырап қашқанда,
Бұл өмір ғашық боп сезімге,
Айналып кетеді дастанға.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі