Кешегі кербез жиырмабес – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кешегі кербез жиырмабес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Кешегі кербез мəз емес жігіттің жайы –
Тақырдай қаңсып таусылды жіліктің майы.
Төзімді жалап-жұқтаған төсекке ене
Өзеуреп өшіп қалады қос өкпе неге?
Шіреніп тұрып тартатын адырна кəні?
Қауқарсыз неге, құдай-ау, қазіргі амалы?
Белдегі қуат, бойдағы бесатар қайда?
Тимеді атқан бытырам кеше торғайға...
Желөкпе қызды жетектеп желпінетін едік,
Жетпегір жүрек неге ерте ентігеді келіп?
Опалы тұста оталмай білтелі мылтық,
Күн өткен сайын барады діңкені құртып.
Қолыммен сипап қоямын қорамса сыртын,
Кешегі кербез Жиырмабес оралса, шіркін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешегі кербез жиырмабес өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кешегі кербез жиырмабес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешегі кербез жиырмабес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешегі кербез жиырмабес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері